Авторы:
Жанрлар:
Аннотация:
Сәкен Сейфуллин
«Көкшетау» поэмасы 1929 ж. жарық көрді.
Поэма 4 бөлімнен, 47 тараудан құрылған.
Бастала бере Көкшенің әдемі табиғатын, көлі мен терегін, қарағайы мен қайыңын, тау мен тасын, ауасы мен суын тамылжыта суреттейді.
Табиғат сұлулығына, ел мен жер тарихын, ескі ақындарын, шежіресін қосып сұлулық пен рухани байлық үйлесімділігін жыр етеді.
Ақын Оқжетпес, Жеке батыр, Бурабай атаулары жөнінде аңызды ел, жер тарихымен бірге береді.
Өнер адамдары өмірін айтады.
Поэманың негізгі арқауы — қалмақ қызы мен адақ батыр арасындағы сюжет.
Жаугершілікте қолға түскен сұлулығымен талай ержүрек батырларды таластырып қойған қалмақ қызының тағдыры арқылы шешіліп, осы ақылды ұға білген адақ батыр арқылы толықтырады.
Ақын табиғат сұлулығына адамдар сұлулығын, жер, ел тарихының терең тамырын көркем бейнелер жан дүниесінің ізгілігіне сәйкестендіріп, Көкшенің қадір-қасиетін жерімен, онда тіршілік еткен елімен бірге жырлайды.