
Авторы:
Жанрлар:
Аннотация:
Абай Құнанбайұлы
«Базарға, қарап тұрсам, әркім барар» — мағынасыз өмірді тәрік етіп, елін, жұртын ғылымға, білімге, саналылыққа шақырудан жалықпаған ойшыл-ғұламаның бір сәттік көңіл-күйі, философиялық толғанысы.
Абайдың бүл шығармасында базар деп отырғаны — өмір. Өмір — үлкен базар. Одан да әр адам өз керегін іздейді, хал-қадіріне қарай қажетін алады.
Ақынның: «Әркімнің өз іздеген нәрсесі бар, сомалап ақшасына сонан алар» деген жолдарында үлкен философиялық жасырын тұжырым жатыр.