Авторы:
Жанрлар:
Аннотация:
Абай Құнанбайұлы
Адамгершілік кемелділікке жетудің өміршең өрісін, басты парызын, әдептілік өзегін, ар-ұждандық ұстындарын бағамдаған «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін Абай 1894 жылы49 жасында жазған.
Адамның өмірлік мақсаты мен кісілік ізгі қасиеттерін айқындап, қоғамдығы орнын табуға, пайдалы іске ұмтылуға шақырады. Қайрат пен ақылды серік етіп, әділет, шапқатпен (рақыммен) ой мен бойды түзетуді ұсынады. Адам бойындағы хас қасиеттерді сипаттайды. Сол арқылы оның қауымға, қоғамға пайдалы жан болып шығуын көздейді. Кісілік қасиеттерің қоғам өміріндегі жақсы талабыңмен ұштасып жатсын дейді.
Адал еңбекке, ғылым мен білімге ұмтылуға шақырады. Өзгеден бақай есеппен артылам деудің қисынсыздығын, тек бойдағы жақсы қасиеттерің және ізгі істеріңмен ғана ойың озық, тұлғаң еңселі болатынын түйеді. Надандық шырмауындағы қоғам дертінен түңілгенімен, ары, жаны таза жас ұрпаққа үміт артады.